Қашқан ауған әскерлер Тәжікстанға барды

143 ауған әскері 3 ұшақ және 2 тікұшақпен Тәжікстанға барды.

1692030
Қашқан ауған әскерлер Тәжікстанға барды

Ауғанстанда Талибаннан қашқан 143 ауған әскері 3 ұшақ және 2 тікұшақпен Тәжікстанға барды.

Тәжік тілінде шығатын «Ozodi» радиосы 143 әскерін тасыған 3 ұшақ пен 2 тікұшақтың кеше түнде шекарадағы Бохтар әуежайына қонғанын хабарлады. Келгендер арасында екі әйел бар.

Тәжікстан Төтенше жағдай және Азаматтық қорғаныс мемлекеттік комитетінің берген мәліметіне сәйкес, ауған әскерлері уақытша бір университеттің жатақханасына орналастырылды.

Ауған әскерлер өздерімен бірге ала келген қаруларын тәжік органдарына тапсырды.



Ұқсас жаңалықтар