"Армения армиясына көмектесеміз"

Шойгу жаңадан тағайындалған Армения Қорғаныс министрі Аршак Карапетианмен кездесті.

1689567
"Армения армиясына көмектесеміз"

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Армения армиясының жаңалануына көмектесетіндерін айтты.

Шойгу жаңадан тағайындалған Армения Қорғаныс министрі Аршак Карапетианмен кездесті. Шойгу Армениямен әрі екі жақты,  әрі Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы деңгейінде ынтымақтастыққа көңіл бөлгендерін айтты. Ол «Армения Қарулы күштерінің жаңалануына байланысты бағдарламаның орындалуына көмектесеміз» деді.

Орыс министр Арменияда орыс әскери базасының бар екенін еске салды. «Армения -  Ресейдің Оңтүстік Кавказда қауіпсіздікті қамдау тақырыбында маңызды серігі.  Осы аймақта тұрақтылықтың жалғастыруымен айналысамыз» деді ол.

Армения Қорғаныс министрі де Ресейдің өз елі үшін стратегиялық серік екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар