АҚШ-тың Түркияға тағайындайтын елші үміткері анықталды

АҚШ президенті Джо Байден Түркиядағы елшілік қызметіне Джефф Флэйкті ұсынды.

1675051
АҚШ-тың Түркияға тағайындайтын елші үміткері анықталды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден бұрынғы республикашыл сенатор Джефф Флэйкті АҚШ-тың Түркиядағы елшілік міндетіне үміткер ретінде ұсынды.

Үміткерлігін Medium аккауынтынан жариялаған Флэйк «Америка Құрама Штаттарының НАТО-дағы одақтасы Түркия Республикасымен қарым-қатынасының стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Президент Байденнің осы елшілік үміткерлігімен маған деген сенімін құрметтеймін және мақтан тұтамын» деді.

Елшіліктің екі ел үшін де маңызды бір кезеңде өте маңызды тапсырма екенін баса айтқан Флэйк әйелі Шерилмен бірге Түркияның ерекше адамдарымен жақынырақ танысуға асыққандарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар