Үндістанда найзағай түсуі салдарынан 38 адам көз жұмды

Ракастан және Уттар Прадеш уәлаяттарында найзағай түсуі кесірінен 38 адам қаза тапты.

1673885
Үндістанда найзағай түсуі салдарынан 38 адам көз жұмды

Үндістанда найзағай түсуі салдарынан 38 адам көз жұмды

Полиция лауазым иелері мемлекеттің Ракастан және Уттар Прадеш уәлаяттарында найзағай түсудің кесірінен 38 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. 

Полиция қызметкері Ананд Сривастава Ракастан уәлаятындағы Анбар тарихи ескерткіші маңында 11 адамның фотосуретке түсуі барысында найзағайдың түскенін айтты. 11 адамның барлығы мерт болғанын баяндады. 

Сривастава уәлаятта найзағай түсуі салдарынан тағы 9 адамның көз жұмғанын, 20 адамның да жарақат алғанын білдірді. 

Ауа райының кесірінен найзағай түскен Уттар Прадеш уәлаятында да 18 адам қаза тапты. 

 



Ұқсас жаңалықтар