Германия саяхат шектемелерін жойды

Хайко Маас: "Жағдай жақсарған жерлерде шектемелерді жалғастыру қажетсіз" деді.

1668284
Германия саяхат шектемелерін жойды

Германия жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті "қауіпті" деп жариялаған Түркияны қамтыған 80 елге бағытталған халықаралық жалпы саяхат ескертулерін жойды.

Германия Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде министрліктің Ковид-19 себепті "қауіпті" деп жариялаған аймақтарға байланысты 2020 жылы 17 наурызда жасаған жалпы саяхат ескертуінің апталық 100 мың кісіде 200-ден төмен оқиға тіркелген аймақтарда 1 шілдеден бастап жойылғаны хабарланды.

Министрліктің мәлімдемесінде:

"Германия мен Еуропаның көп бөлегінде эпидемиялық жағдайдың жақсаруы, вакцина егудің кеңеюі және "Сандық Ковид-19 сертификатының" таныстырылуы саяхатты оңайластыруда. Сол себепті саяхат ескертулері 1 шілдеден бастап өзгерді" деп көрсетілді. 

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас саяхат ескертуінің жойылуын қолдап:

"Жағдай жақсарған жерлерде шектемелерді жалғастыру қажетсіз" деді.

Германия Сыртқы істер министрлігі сырқаттанғандар көп және вирус штаммдары байқалған алаңдар ретінде тіркелген елдерге мәжбүр болмаған саяхаттарға шықпауды ұсыныс етті. 

Хайко Маас 11 маусымдағы мәлімдемесінде 17 наурыздағы саяхат ескертулерінің апталық 100 мың кісіде 200-ден төмен оқиға тіркелген аймақтарда 1 шілдеден бастап жойылғаны хабарлаған болатын.

Жалпы саяхат ескертулері көлеміне Түркияны қамтыған Ковид-19 себепті толық немесе жартылай  "қауіпті" деп жарияланған 80 ел кірген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар