Пәкістан АҚШ-қа база бермейді

Имран Хан: "Пәкістан АҚШ-пен соғыс үшін емес, бейбітшілік үшін ғана серіктес болады" деді.

1667692
Пәкістан АҚШ-қа база бермейді

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан АҚШ-пен қарым-қатынастар тақырыбында:

"Пәкістан АҚШ-пен соғыс үшін емес, бейбітшілік үшін ғана серіктес болады" деді.

Пәкістан баспасөзінің хабарында Хан Парламенттегі сөзінде пәкістандықтар мен ауғандардың бауырлас екенін және Исламабадтың олардың шешіміне құрмет көрсететінін айтқаны білдірілді.

Имран Хан Пәкістанның АҚШ-тың Ауғанстанға қарсы соғысына қатыспауы керектігін айтып:

"АҚШ-ты базамен қамдау тақырыбында менен сұралды. АҚШ Ауғанстанда жеңілді және олар жеңілістерінің жауапкерлігін бізге жүктеуге талпынды" деді.

Пәкістанның егемендігінен бас тартпайтындарын айтқан Хан:

"Пәкістан АҚШ-пен соғыс үшін емес, бейбітшілік үшін ғана серіктес болады" деп көрсетті.

Хан 19 маусымдағы мәлімдемесінде АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шегінгеннен кейін Вашингтон әкімшілігінің осы елдегі операциялары үшін АҚШ Орталық барлау ұйымына (CIA) әсте база бермейтіндерін айтқан болатын. 



Ұқсас жаңалықтар