Германияда коронавирус жағдайы

"Бұл біз үшін әрі ескерту, әрі міндет" деген Меркель Германияда Ковид-19-дың "Дельта" варианты мөлшерінің артқанына назар аударды.

1663591
Германияда коронавирус жағдайы

Германия премьер-минстрі Ангела Меркель жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінде үшінші толқын аяқталғанымен халықтан сақтықты жалғастыруды сұрады. 

Ангела Меркель Федерал Мәжілістегі сөзінде Ковид-19 науқастары азайғанын және вакцина ектіргендер саны артқанын, бұл сақтық шараларын босатуға рұқсат бергенін білдірді.

Ангела Меркель алайда сақтық шараларын жоюда байқау керектігін, маска тағу, аралықты сақтау және тазалық қағидаларының атқарылатынын айтып:

"Осы қағидаларды атқаруыңызды сұраймын" деді.

Індеттің жалғасып жатқанына меңзеген Ангела Меркель:

"Коронавирус (Covid-19) індетінде үшінші толқынның аяқталғанына қарамай, індет  жалғасып келеді. Әлі де жұқа мұздың үстінде жүргендейміз" деді.

Меркель Ковид-19 індетінің мутацияға ұшыраған вариантының таралуы қауіп төндіргеніне меңзеп, бұл қауіп Ковид-19-дың "Дельта" варианты тараған Ресей мен Португалия сияқты елдерде байқалғанын баяндады.

"Бұл біз үшін әрі ескерту, әрі міндет" деген Меркель Германияда Ковид-19-дың "Дельта" варианты мөлшерінің артқанына назар аударды.

Премьер-минстр Ангела Меркель жаз аяқталмай барлық азаматтарға вакцина егілетінін, індетпен күресте денсаулық жүйесі ойдағыдай қызмет көрсткенін білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар