690 миллион адам аштықпен күресуде

Жыл сайын барлығы 931 миллион тонна азық ысырап болады.

1649836
690 миллион адам аштықпен күресуде

Әлемде 690 миллион адам аштықпен күресуде.

Жер шары дәрігерлері қоғамы Аштықпен күрес апталығына байланысты жер бетіндегі көрсеткіштерді жариялады. Жер бетінде 690 миллион адамның аштықпен күрескенін білдірді.

Қоғамның есебіне қарағанда, 2021 жылы БҰҰ Азық –түлік ысырап индексінде жыл сайын барлығы 931 миллион тонна азық ысырап болады. Құрғақшылық, қақтығыс және кедейлік секілді себептермен аштықпен арпалысқан елдердің арасында 30 миллиондық Йеменде 16 миллион 200 мың адам аш. Чадта бес жастан кіші балалардың 43 пайызы хроникалық тамақтану жеткіліксіздігіне байланысты түрлі ауруларға ұшырауда.

Ауғанстанда 12 миллион 500 мың адам аштық шегуде, бес жастан кіші балалардың 41 пайызы жеткіліксіз тамақтану салдарынан өсе алмайды. Сомалиде де бір миллион 300 мың адам жедел көмекк зәру. Бір миллион бала жеткілікті тамақтана алмайды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар