Гаитиде балалар жеткілікті тамақтана алмайды

11,5 миллион халық саны бар Гаитиде 4,4 адам жеткіліксіз тамақтану проблемасымен бетпе-бет.

1648812
Гаитиде балалар жеткілікті тамақтана алмайды

Карибтегі Гаитиде коронавирус салдарынан жеткіліксіз тамақтанған балалардың саны артады.

БҰҰ-на қарасты ЮНИСЕФ есебіне қарағанда, елде 2020 жылы «асыра жеткіліксіз тамақтанудан» зардап шеккен  бес жастан кіші бала саны шамамен 41 мың болса,  биыл 86 мыңға жетеді деп болжалып отыр.

Шамамен 11,5 миллион халық саны бар Гаитиде 4,4 адам жеткіліксіз тамақтану проблемасымен бетпе-бет. Олардың 1,9 миллионы – балалар.

ЮНИСЕФ-тің Латын Америка және Кариб аймағы директоры Жан Гуг Гаитиде бір аптада дағдарыстың көлеміне куә болғанын айтты. «Көптеген баланың ауырып жатқанын көрдім. Бұлардың кейбірі уақытында емделмесе, сауығып кете алмайды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар