БҰҰ Израильге шекара қақпаларын ашу жайлы үндеу тастады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Израильге емделуге мұқтаж палестиналықтардың Газадан шығулары үшін шекара қақпаларын ашулары жайлы үндеу тастады.

1645761
БҰҰ Израильге шекара қақпаларын ашу жайлы үндеу тастады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дужаррик күнделікті баспасөз брифингінде "Бейт-Ханун шекара қақпасы халықаралық гуманитарлық жәрдем жұмыстарына ашық. Бірақ 11 мамырдан бері палестиналықтарға жабулы тұр. Бұлардың ішінде палестиналық гуманитарлық жәрдем қызметкерлері және емделу үшін Газадан шығуға тиісті науқастар да бар" деді. 

Барлық шекара қақпалардың ашылуы жайлы үндеу тастаған Дужаррик әрі гуманитарлық жәрдемдердің кіруі, әрі емделуге мұқтаж палестиналықтардың Газадан шығулары үшін шекара қақпаларының ашылуы керектігін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар