Израиль Газаны бомбалауын жалғастырды

Барлығы 220 адам қаза тапты.

1641830
Израиль Газаны бомбалауын жалғастырды

Израильдің Газа секторына шабуылдарында қаза тапқан палестиналық саны 220-ға жетті.

Израиль армиясы екі миллионнан астам адам өмір сүретін Газа секторын әуеден және құрлықтан бомбалауын жалғастыруда.

Кешкі уақытта Израиль армиясы Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнус және Рефах аймақтарын бомбалады. Шабуылдар барысында бір адам қаза тапты,  жеті адам жарақат алды. Газаның орталығында бір тұрғын үй бомбаланып,  екі палестиналық азамат қаза тапты. Екі азамат жарақат алды.

10 мамыр күні басталған Израиль операцияларында 220 адам қаза тапты. Құрбандардың 63-і – балалар. 36-сы әйелдер. Жалпы 1500 адам жарақат алды.

Сонымен қатар палестиналық тойтарыс топтары Газадан Израиль тарапынан ракета лақтыруын жалғастыруда. Осындай шабуылдардан қазірге дейін Израильде 12 кісі қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар