Нигерияда қарулы шабуыл

Анамбра уәлаятындағы қарулы шабуылда 9 адам қаза тапты.

1629112
Нигерияда қарулы шабуыл

Нигерияның Анамбра уәлаятында қарулы топ жасаған шабуылда 9 адам қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Анамбра полициясы мәлімдемешісі Точуквул Икенга оқиға орнына қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін мәлімдеді.

Жергілікті баспасөзде шыққан хабарларға қарағанда шабуылда 19 адамның қаза тапқаны алға тартылады.

Аймақтағы зорлық-зомбылық оқиғалары мен қақтығыстарға байланысты коменданттық сағат жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар