Ресей итальяндық бір дипломатты депортациялады

Ресей Италияның бір атташесін шекарадан шығару туралы шешім қабылдады.

1628611
Ресей итальяндық бір дипломатты депортациялады

Ресей өткен ай 2 орыс дипломатты депортация жасаған Италияның бір дипломатын шекарадан шығару туралы шешім қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде бір итальяндық атташенің елінің екі дипломатына депортация жасаған Италияға қарсы жауап ретінде шешім қабылданғанын білдірді.

Италияның Мәскеудегі елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, тақырыппен байланысты ақпарат берілді. Аталмыш атташенің «қалаусыз адам» деп жарияланып, 24 сағат ішінде елден кетуге міндетті екені айтылды.

Италия жасаған мәлімдемеде болса «Бұл шешімді негізсіз және әділетсіз деп санаймыз, өйткені Италия мекемелерінің өз қауіпсіздіктерін қорғау мақсатты заңды бір шара қабылдауына қарсы жасалған бір әрекет» делінді.

Наурыз айының аяғында бір итальяндық офицер мен Ресейдің Римдегі өкілетті елшілігінде міндет атқарған бір әскердің құпия кездесуі кезінде қамауға алынғаны білдірілген болатын.

Итальяндық офицердің орыс лауазымдыға ақшамен кейбір құпия құжаттар және мәліметтерді беру үстінде ұсталғаны атап көрсетілген еді.

Осы оқиғадан кейін 2 ресейлік дипломатты депортациялау туралы шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар