Нигерия екі вакцина жасап шығарды

Ковид-19-бен күрес төрағасы Босс Мустафа елдегі ғалымдардың екі вакцина жасап шығарғанын білдірді.

1607211
Нигерия екі вакцина жасап шығарды

Батыс Африкадағы Нигерияда коронавирусқа қарсы отандық екі вакцина жетілдірілді.

Нигерия үкімет хатшысы және Ковид-19-бен күрес төрағасы Босс Мустафа елдегі ғалымдардың екі вакцина жасап шығарғанын білдірді.

Вакциналардың клиникалық сынақтары жүріп жатыр. «Вакциналардың клиникалық сынақтары аяқталып,  рұқсат сертификатын алғаннан кейін қолданамыз.  Бұл ғылыми бастамада жаңа көзқарас келтіретін және елдегі медицина индустриясының мерейін көтеретін жаңалық» деді Мустафа.

Мустафа қатысты мекемелерді елдегі зерттеушілерге батылдық беріп, оларды ынталандыру үшін көмек көрсетуге шақырды.

Нигерия бұдан бұрын Ковид-19 вакциналарының жаһандық қолжетімділік бағдарламасы Covax шеңберінде 4 миллион 224 мың доза AstraZeneca вакцинасын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар