Хаманей АҚШ санкцияларының қылмыс екенін айтты

Хаманей: "Иранның ядролық келісімге оралу шарты "АҚШ-тың барлық санкцияларды тоқтатуы және мұны нақтылы атқаруы" деді.

1605551
Хаманей АҚШ санкцияларының қылмыс екенін айтты

Иранның діни көсемі Али Хаманей АҚШ-тың еліне жасаған санкциясының қылмыс екенін айтты.

Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік арнада халыққа үн қатқан Хаманей ішкі және сыртқы саясаттағы оқиғаларды бағаландырды.

Али Хаманей:

"АҚШ-тың Иран мен басқа елдерге жасаған экономикалық санкциясы ауыр қылмыс. Санкциялар арқылы Иранды әлсіретуді және қысымдарын қабылдатуды мақсат етуде. Бұл саясат іске аспады және бұл жергілікті өндірістің артуына көмекші болды" деді.

"Иранның ядролық келісімге оралу шарты "АҚШ-тың барлық санкцияларды тоқтатуы және мұны нақтылы атқаруы" деден Хаманей:

"АҚШ-тың бұрынғы ақымақ басшысы Трамптың  қысымды саясаты іске аспады. Жаңа үкімет те осы саясатты атқаратын болса, ол да іске аспайды" деп көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар