Еуроодақ Мубарак отбасына атқарылған санкцияны жойды

Мысыр мемлекет қаржысын орынсыз қолданумен жазғырылған 9 кісі жөніндегі шектеме жойылды.

1600391
Еуроодақ Мубарак отбасына атқарылған санкцияны жойды

Еуропа Одағы өткен жылы қайтыс болған Мысырдың бұрынғы президенті Хүсни Мубарак пен отбасына 2011 жылдан бері атқарылған санкцияларды жоюға шешім қабылдады.

Еуропа Одағы Кеңесінен жасалған мәлімдемеде Мысыр мемлекет қаржысын орынсыз қолданумен жазғырылған 9 кісі жөніндегі шектеме шараларының жойылатыны білдірілді. 

Бұл 9 адам Мубарак пен әйелі Сузан Салих Сабет, екі ұлы мен келіндері, бұрынғы Туризм министрі мен бұрынғы Ішкі істер министрі және оның жұбайынан құралады.

 Еуропа Одағы елдерінің Сыртқы істер министрлері 2011 жылы 21 наурызда Мубарак пен отбасының Еуроодақ ішіндегі байлықтарын шектеуге шешім жасаған болатын. 

Мысырда 30 жыл билік жүргізген Хүсни Мубарак 2020 жылы 25 ақпанда 91 жасында қайтыс болған.  
 



Ұқсас жаңалықтар