Әлемде коронавирус

Әлем бойынша өлім-жітім 2 миллион 420 мың 330-дан асты.

1584129
Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 2 миллион 420 мың 330-ға жетті. Вирус жұқтырғандардың саны 109 миллион 727 мыңнан, сауығып кеткендердің саны болса 84 миллион 287 мыңнан асты.

Эпидемияда қайтыс болғандар саны 498 мың 203-ке жеткен Америка Құрама Штаттарында вирусқа шалдыққандардың жалпы саны 28 миллион 317 мыңнан асты. Елде ковид-19 генетикасына ұқсас 7 бөлек мутацияның пайда бола бастағаны алға тартылды. АҚШ федеральдық үкіметі сатып алған соң штаттарға таратқан миллиондаған жаңа типтегі коронавирус жылдам диагноздық жинағын қолданбай қолда ұстағаны ортаға шықты.

Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі мағлұматтарына қарағанда соңғы бір тәулікте қайтыс болған 528 адамды қосқанда, өлім-жітім 239 мың 773, оқиға саны 9 миллион 866 мың 710 болды. 

Мексикада соңғы 24 сағатта ковидтен көз жұмған 450 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 174 мың 657-ге, вирус жұқтырғандар саны да 3 мың 98-ге көбейіп, 1 миллион 995 мыңға жетті.

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы бір тәулікте 230 адам қайтыс болып, 9 мың 765 жаңа оқиға тіркелді. Елде өлім-жітім 117 мың 396, вирус жұқтырғандар саны 4 миллион 47 мың 843-тен асты.

Италияда эпидемия салдарынан соңғы бір күнде қайтыс болған 258 адамды қосқанда, жалпы өлім-жітім 93 мың 835-ке жетті. Вирус жұққан адам саны 7 мың 351 артып, 2 миллион 729 мың 223 болды.

Францияда ковид салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 412 адамды қосқанда, өлім-жітім 82 мың 226 болды. Бір күнде тіркелген 4 мың 376 жаңа оқиғамен вирус жұқтырғандар саны 3 миллион 469 мың 539-ға өсті.

  Испанияда коронавирустан соңғы бір тәулікте 234 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 65 мың 449-ға жетті. Осы уақытта 11 мың 942 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 3 миллион 86 мың 286-ға өсті.

Аргентина Денсаулық сақтау министрлігі мағлұматтарына қарағанда соңғы бір тәулікте қайтыс болған 91 адамды қосқанда, ковид-19 эпидемиясы салдарынан өлім-жітім 50 мың 327-ге жетті. Осы уақытта 3 мың 259 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 29 мың 57-ге өсті.

Колумбия Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған көрсеткіштерге қарағанда соңғы бір тәулікте қайтыс болған 181 адамды қосқанда, өлім-жітім 57 мың 786, оқиға саны 3 мың 510 артып, 2 миллион 198 мың 549 болды.

Перуде соңғы бір тәулікте қайтыс болған 177 адамды қосқанда, ковид-19 эпидемиясы салдарынан өлім-жітім 43 мың 880-ге жетті. Осы уақытта мың 192 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 238 мың 501-ге көбейді.

Чилиде вирус салдарынан соңғы бір тәулікте мың 83 адам қайтыс болып, өлім-жітім 19 мың 624-ке жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 3 мың 333-ке көбейіп, 779 мың 541 болды.

Боливия Денсаулық сақтау министрлігі мағлұматтарына қарағанда соңғы 24 сағатта қайтыс болған 32 адамды қосқанда, ковид-19 эпидемиясы салдарынан өлім-жітім 11 мың 234-ке жетті. Осы уақытта мың 412 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 237 мың 144-ке өсті.



Ұқсас жаңалықтар