АҚШ елшісі Қорғаныс министрлігіне барды

Дэвид Саттерфилд Гарада 13 түрік азаматының шейіт етілуіне байланысты террористік ұйым ПКК-ны жауапкер деп қарайтындарын білдірді.

1584127
АҚШ елшісі Қорғаныс министрлігіне барды

АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті елшісі Дэвид Саттерфилд Гарада 13 түрік азаматының шейіт етілуіне байланысты бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ны жауапкер деп қарағандарын қайталады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде елші Дэвид Саттерфилдтің кеше кеште Ұлттық Қорғаныс  министрлігінде кездесу өткізгені хабарланды.

Мәлімдемеде: 

"Кездесуде АҚШ-тың Түркиядағы өкілетті елшісі Дэвид Саттерфилд Гарада ұйымдастырылған операцияда шейіт болған әскеріміз және операция кезінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК тарапынан шейіт етілген 13 түрік азаматы үшін көңіл айтты.  Гарада жасалған қырғынға байланысты бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ны жауапкер деп қарағандарын қайталады" деп көрсетілді.

Елшіліктің опасыз шабуылға байланысты кеше жариялаған мәлімдемесінде "тура болса" деген сөздің қолданылуына Анкара қатаң наразылық көрсеткен болатын. 



Ұқсас жаңалықтар