Руханиден Байденге жауап

"Келісімнен шығып кеткен біз емеспіз"

1580599
Руханиден Байденге жауап

Иран президенті Хасан Рухани Америка Құрама Штаттарымен арадағы «ядролық келісімге оралу үшін алғашқы қадамды кім басатыны» жайлы таласқа орай: «Келісімнен шығып кеткен біз емеспіз, алғашқы қадам неге бізден болуы керек?» деді.

Иран төңкерісінің 42 жылдығына байланысты Тегерандағы өкілетті елшілермен бас қосқан Рухани ядролық келісімге байланысты айтты.  Ол төңкеріс мерейтойының өздері үшін өте маңызды және тарихи күн екенін атап көрсетті. «Төңкерістен кейін бізге бірі Саддам Хүсейін, екіншісі Трамп тарапынан екі соғыс ашылды.  Біз екі соғыстан да жеңіспен шықтық» деді ол.

Рухани ядролық келісімге оралу үшін алғашқы қадамды басу туралы былай деді: «Келісімнен шығып кеткен біз емеспіз, алғашқы қадамды неге біз басуымыз керек? Келісімен шығып кеткен және халықаралық келісімдерге қайшы түрде халқымызға зұлымдық жасағандар келісімге де алғашқы қадамды басуы керек».

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден уран байыту істерін тоқтатқанға дейін Иранға санкцияларды алып тастамайтынын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар