Ауғанстанда бомбалы шабуыл

Кабулдағы бомбалы шабуылдарда 1 полиция қызметкері қаза тапты.

1578596
Ауғанстанда бомбалы шабуыл

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы бомбалы шабуылдарда 1 полиция қызметкері қаза тапты. 

Кабул Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердоус Фарамарз Кабулдың Хайирхане және Баг Кази аймақтарында бірінен соң бірі бомбалы шабуыл жасалғанын хабарлады. 

Фарамарз шабуылдарда 1 полиция қызметкерінің қаза тауып, 6 адамның жараланғанын мәлімдеді. Шабуылдардың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар