Блинкен Иранмен ядролық келісімге оралу ниетін білдірді

Блинкен Тегеран әкімшілігі шарттарды қабылдаса, АҚШ-тың келісімге оралуды қалайтынын жариялады.

1575418
Блинкен Иранмен ядролық келісімге оралу ниетін білдірді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иранмен Ортақ көлемді әрекет жоспары (OKEP) келісіміне оралуды қалайтындарын айтты.

Энтони Блинкен NBC телеарнасына берген сұхбатында күн тәртіптегі сыртқы саясатқа байланысты тақырыптарды бағаландырды.

Иранмен 2015 жылы қол қойылған және бұрынғы әкімшілік 2018 жылы шегінген Ортақ көлемді әрекет жоспары (OKEP) келісіміне оралуға байланысты сұраққа жауап берген Блинкен Тегеран әкімшілігі шарттарды қабылдаса, АҚШ-тың келісімге оралуды қалайтынын жариялады.

Блинкен Иранның АҚШ және одақтастарымен ядродан басқа бірнеше тақырыпты қамтитын көлемді, күшті және ұзақ уақыттық бір келісім үшін үстелге отыруы керектігін айтты.

Энтони Блинкен Тегеран ядролық келісім аясындағы шектемелерді жоюды жалғастырса, "Бірнеше апта ішінде ядролық қару үшін қажетті уранды өндіре алатынын" алға тартты.    



Ұқсас жаңалықтар