Әлемде коронавирус

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 224 мың 534-ке жетті.

1574816
Әлемде коронавирус

Коронавирус эпидемиясында қайтыс болғандардың саны әлем бойынша екі миллион 237 мың 799-дан асты.  Вирус жұқтырғандардың саны 103 миллион 528 мың, сауығып кеткендердің саны 75 миллион 130 мың болды.

Эпидемияда өлім-жітім 452 мың 279 болып тіркелген Америка Құрама Штаттарында вирус жұқтырған адам саны 26 миллион 767 мыңнан асты.

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 224 мың 534-ке жетті.  Елде 9 миллион 204 мың адам вирус жұқтырды.
Мексикада эпидемия салдарынан 158 мың 536 адам қайтыс болды.  Бір миллион 864 мың адам вирус жұқтырды.

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 1587 адам қайтыс болды.  21 мың 88 жаңа оқиға расталды.  Елде өлім-жітім 106 мың 158, вирус жұқтырғандар саны болса үш миллион 817 мың 176 болды.

Италияда эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 88 мың 516-ға жетті.  Вирус жұққан адам саны екі миллион 553 мыңға жетті.

Францияда коронавирус салдарынан соңғы бір тәулікте 195 кісі қайтыс болды. Өлім-жітім 76 мың 57 болды. Бір күнде 19 мың 235 оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны үш миллион 197 мың 114-ке жетті.

Испанияда коронавирустан 58 мың 319 адам қайтыс болды.  Елде екі миллион 830 мың адамға вирус жұқты.

Германияда өлім-жітім 57 мың 777-ге,  вирус жұққан адам саны екі миллион 225-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар