Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 151 мың 198-ге ұласты.

1560989
Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 944 мың 311-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 90 миллион 743 мың, сауығып кеткендердің саны 64 миллион 892 мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 151 мың 198-ге ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 466 мың 595 болып тіркелді.

Ресейде  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 61 мың 837-ге, вирус жұқтырғандар саны да  3 миллион 401 мың 954-ке көбейді.

Малайзияда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 551-ге ұласты. Мемлекетте  вирус жұқтарған адам саны 135 мың 992-ге жетті.

Оңтүстік Африкада Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 33 мың 163-ке көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 231 мың 597-ге ұласты. 

Алжирде  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 2 мың 807-ге, вирус жұқтырғандар саны да 101 мың 144-ке көбейді.

Оңтүстік Кореяда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 1 мың  140-қа  ұласты. Мемлекетте  вирус жұқтарған адам саны 69 мың 114-ке жетті.

Индонезияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 24 мың 129-ға, вирус жұқтырғандар саны да 828 мың 26-ға көбейді.

 



Ұқсас жаңалықтар