Кейбір шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы
Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 906 мың 853-тен асты.
Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 907 мың 73-тен асты. Вирус жұқтырғандар саны 88 миллион 528 мың, сауығып кеткендердің саны 63 миллион 623 мыңға жетті.
Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 150 мың 606-ға ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 414 мың болып тіркелді.
Шри Ланкада Ковид-19 салдарынан 208 кісі көз жұмды. Елде қайтыс болғандардың басым көп сандысы мұсылмандар.
Израильде жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 3 мың 549 адам көз жұмды, вирус жұқтырған адам саны болса 470 мыңға ұласты.
Тунисте Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 5 мың 52-ге көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 152 мың 254-ке ұласты.
Мараккода Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 7 мың 645-ке, вирус жұқтырғандар саны да 448 мың 678-ге көбейді.
Африка құрлығында жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 70 мың 649-ға ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 965 мың 221 болып тіркелді.
Оңтүстік Африкада Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 31 мың 809-ға көбейді. Елде вирус жұқтырғандар саны бір миллион 170 мың 590 болып тіркелді.
Ковид-19 салдарынан Ресейде 60 мың 457, Иранда 55 мың 933, Индонезияда 23 мың 520, Иракта 12 мың 869 және Пәкістанда 10 мың 558 кісі қайтыс болды.
Ұқсас жаңалықтар
Хамас Израиль әскери базасын нысанаға алды
Кассам бригадалары шекарадағы Израиль әскери базасына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады.
Израиль жауыздығы жалғасуда
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылында тағы 22 палестиналық қаза тапты.