Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 892 мың 74-тен асты.

1559048
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 892 мың 74-тен, расталған оқиға саны 87 миллион 672 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 63 миллион 157 мыңға жетті.

Эпидемияның ошағына айналған АҚШ-та өлім-жітім 369 мың 990-дан асты. Вирус жұқтырған адам саны болса 20 миллион 619 мың болып тіркелді.

Бразилияда Ковид-19 салдарынан өлім-жітім 199 мың 43-ке, вирус жұқтырғандар саны 7 миллион 874 мыңға жетті.

Эпидемия салдарынан көз жұмғандар саны 129 мың 987-ге жеткен Мексикада 1 миллион 479 мың адам вирус жұқтырды.

Ковид-19 ең көп ықпал еткен елдердің бірі Италияда қайтыс болғандар саны қазірге дейін 76 мың 877, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 201-ге өсті.

Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта 1 мың 41  адам көз жұмып, 62 мың 322 оқиға расталды. Елде жалпы қайтыс болғандар саны 77 мың 346-ға жетсе, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 836 мың 801 болды.

Францияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан өлім-жітім 66 мың 565-тен, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 705 мыңнан асты.

Эпидемияда салдарынан көз жұмғандар саны 51 мың 430-ға жеткен Испанияда 1 миллион 982 мың адам вирус жұқтырды.

Ковид-19 салдарынан Германияда қайтыс болғандар саны қазірге дейін 38 мың 199-ға, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 841-ге өсті.

Ковид-19 салдарынан кейбір елдерде тіркелген өлім-жітімдер мынадай:

Колумбияда 44 мың 723, Аргентинада 43 мың 976, Перуде 37 мың 991, Польшада 30 мың 55, Бельгияда 19 мың 827, Украинада 19 мың 357, Чилиде 16 мың 816, Канадада 16 мың 369, Румынияда 16 мың 299, Эквадорда 14 мың 146, Иракта 12 мың 865, Чехияда 12 мың 436, Голландияда 11 мың 999 және Венгрияда 10 мың 198.



Ұқсас жаңалықтар