Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 825 мың 880-ден асты.

1555663
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 825 мың 880-ден, расталған оқиға саны 83 миллион 814 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны болса 59 миллион 327-ге өсті.

АҚШ-та өлім-жітім 354 мың 215-тен асса, вирус жұқтырған адам саны болса 20 миллион 445 мың болды.

Бразилияда қайтыс болған адам саны 194 мың 976-ға, вирус жұқтырған адам саны 7 миллион 675 мыңға жетті.

Мексикада эпидемия салдарынан көз жұмғандар саны 125 мың 807-ге, расталған оқиға саны 1 миллион 426 мыңға ұласты.

Италияда өлім-жітім 74 мың 159-ға көбейіп, елде вирус жұқтырған адам саны 2 миллион 107-ге жетті.

Ұлыбританияда қайтыс болған адам саны 73 мың 512-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 488 мың болды.

Францияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан өлiм-жiтiм 64 мың 632-ден, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 620 мыңнан асты. Елде бір науқаста Оңтүстік Африкада байқалған коронавирустың жылдам тараған бір түрі анықталды.

Испанияда Ковид-19 салдарынан қайтыс болған адам саны 50 мың 837 болып тіркелді. Вирус жұқтырған адам санының 1 миллион 936 мың екені жарияланды.

Германияда эпидемия салдарынан өлім-жітім 34 мың 104-тен, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 743-тен асты.

Колумбияда Денсаулық сақтау министрлігі мағлұматтарына қарағанда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 304 адамды қосқанда, қайтыс болған адам саны 43 мың 213-ке, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 642-ге көбейді.

Перуде эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 59 адамды қосқанда, қайтыс болған адам саны 37 мың 680-ге өсті. 2 мың 523 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 15 мың 137-ге ұласты.



Ұқсас жаңалықтар