Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Джо Байден камералар алдында жаңа вакцинаны ектірді.

1549593
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде бір миллион 709 мың 11 болды.  Вирус жұқтырған адам саны 77 миллион 718 мыңнан асты.  Осы аурудан сауығып кеткендердің саны болса 54 миллион 593-тен асты.

Америка Құрама Штаттарында ковид-19-ға байланысты өлім –жітім 326 мың 772 болды.  Елде вирус жұқтырған адамдар саны да 18 миллион 473 мың деп тіркелді.  АҚШ Сенаты коронавирустың экономикалық әсеріне орай шамамен 900 миллиард долларлық қолдау пакеті мен 1,4 триллион долларлық бюджет жобасын бекітті.  Осы арада АҚШ Сыртқы істер министрлігі коронавирус оқиғаларының артуына байланысты министрліктегі сақтық шараларының деңгейін қайтадан бірінші сатыға көтерді. Сонымен қатар АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байден камералар алдында жаңа вакцинаны ектірді.

Эпидемиядан 187 мың 322 адам қайтыс болған Бразилияда 7 миллион 264 мың кісіге вирус жұқты. Елде коронавирус вакцинасының клиникалық сынағы аяқталды.

Италияда эпидемиядан 69 мың 215 адам қайтыс болды.  Бір миллион 964 кісіге вирус жұқты.

Ұлыбританияда вирустан 67 мың 616 адам қайтыс болды. Елде екі миллион 73 мың адам вирус жұқтырды.

Францияда коронавирус салдарынан бір тәулікте 354 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 60 мың 900 болды.  Бір күнде 5 мың 797 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.  Осылайша вирус жұқтырғандар саны екі миллион 497 мың 151-ге жетті.

Канадада вирустан 14 мың 331 адам қайтыс болды.  Елде 515 мың 314 адам вирус жұқтырды.

Австралияда ковид салдарынан 908 адам қайтыс болды. 28 мың 219 адамға вирус жұқты. 



Ұқсас жаңалықтар