Шығыс елдерінде өлім-жітім артты
Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 699 мың 714-ден асты.
Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 700 мыңнан асты. Вирус жұқтырғандар саны 77 миллион 190 мың, сауығып кеткендердің саны 54 миллион 106 мыңға жетті.
Үндістанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам сан 145 мың 843-ке жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 56 мың 248 болып тіркелді.
Қытайда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 4 мың 634-ке, вирус жұқтырғандар саны да 86 мың 852-ге ұласты.
Оңтүстік Кореяда эпидемиядан 698 адам қайтыс болды. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 50 мың 591-ге жетті.
Сауд Арабиясы кейбір елдерде Ковид-19 эпидемиясының тез таралуы салдарынан бір апталық мерзіммен барлық халықаралық рейстерін тоқтатқанын хабарлады.
Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 59 мың 195-ке көтерілді. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 523 мың 478 болды.
Оңтүстік Африкада вирустан көз жұмған адам саны 24 мың 691-ге көтерілді.
Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 7 мың 98, Мароккода болса 6 мың 957 адам қайтыс болды.
Гана Президенті Нана Акуфо-Аддо мемлекетте артқан Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтадан шектемелер жасайтынын білдірді.
Ковид-19 эпидемиясынан Иранда 53 мың 625, Ресейде 50 мың 858, Индунезияда 19 мың 880 және Иракта 12 мың 697 адам көз жұмды.
Ұқсас жаңалықтар
Эрбилдегі мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Ирактың Эрбиль қаласында мұнай өңдеу зауыттары мен қоймалары бар нысанда өрт шықты.