НАТО-дан санкция мәлімдемесі

Йенс Столтенберг: Түркия мен барлық НАТО одақтастарын шешім іздеуге шақырамын.

1546257
НАТО-дан санкция мәлімдемесі

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алғаны себепті АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция шешімінің өкінішті екенін атап «Түркия мен барлық НАТО одақтастарын шешім іздеуге шақырамын» деді.

Йенс Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельде Черногория премьер-министрі Здравко Кривокапичпен кездесуінің артынан өткізген баспасөз жиналысында АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкция шешімі жайлы сұраққа жауап қайтарды.

«НАТО одақтастарының бір-біріне санкция шешімі қабылдаған бір жағдайға тап болғанымыз үшін өкініштімін» деген Столтенберг Түркияның S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алуымен байланысты уайымдарын мұның алдында да тілге тиек еткенін еске салды.

Столтенберг «Бұл ұлттық бір шешім. Бірақ S-400 әуе қорғаныс жүйесі НАТО жүйесіне сәйкес келмейді. Бұлардың НАТО-ның әуе және зымыран қорғаныс жүйесімен интеграциялануы мүмкін емес. Осыған байланысты уайымдарымды тілге тиек еткен болатынмын. Сондай-ақ Түркия мен барлық НАТО одақтастарын шешім іздеуге шақырамын. Қазір маңыздысы Түркия мен одақ үшін бұл жағдайға қалай болымды бір шешім табатынымызды қарастыруымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар