Ресейде вирустан 46 мың 941 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 612 мың 931-ден асты.

1544393
Ресейде вирустан 46 мың 941 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 612 мың 931-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 72 миллион 109 мың, сауығып кеткендердің саны 50 миллион 542 мыңға жетті.

Үндістанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам сан 143 мың 51-ге жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 857  мың болып тіркелді.

Ресейде эпидемиядан 46 мың 941 адам қайтыс болды. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 653 мыңға  жетті.

Иранда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 51 мың 949-ға,  вирус жұқтырғандар саны да 1 миллион 100 мыңға ұласты.

Иракта жаңа типті коронавирус індеті салдарынан көз жұмған адам сан 12 мың 565-ге жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 573 мың 622 болып тіркелді.

Тунисте Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам сан 3 мың 801-ге ұласса, вирус жұқтарған адам саны да 109 мың 104-ке көтерілді. 

Газада вирустан көз жұмған адам саны 188-ге жетсе, оқиға саны болса  27 мың 939-ға ұласты. 

 



Ұқсас жаңалықтар