Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 550 мың 300-ден асты.

1541553
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 550 мың 300, расталған оқиға саны 67 миллион 940 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 47 миллион 25 мыңға жетті.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 290 мың 474-ке өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 15 миллион 370 мың 339 болып тіркелді. АҚШ-тың Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы, док. Джером Адамс «Соңғы апталарда өршіп тұрған эпидемия толқыны елдегі денсаулық сақтау әлеуетіне кері әсер етуде» деп мәлімдеді. Осы себептен Адамс Ковид-19 вакцинациясы егу жұмыстарының алдымен денсаулық сақтау қызметкерлерінен басталатынын, мұнымен денсаулық сақтау әлеуетін күшейтуді мақсат еткендерін мәлімдеді.

Францияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 55 мың 521, оқиға саны 2 миллион 295 мың 908 болды.

Өлім-жітім 60 мың 606 болып тіркелген Италияда эпидемия басталған күннен бері вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 742 мың 557-ге өсті. Ішкі істер министрі Лучана Ламорджезенің ковид-19 инфекциясын жұқтырғаны білдірілді.

Испанияда ковид-19 салдарынан өлім-жітім 46 мың 646-ға жетті. Расталған оқиға саны 1 миллион 702 мың 328-ден асты.

Ұлыбританияда вирустан қайтыс болғандар саны 61 мың 434,  вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 737 мың 960 болды. Ұлыбританияда вакцина егу жұмыстары басталды. Ел көлемінде 400 мың адамға вакцина егу жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар