Үндістанда вирустан 140 мың 590 адам көз жұмды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 541 мыңнан асты.

1540713
Үндістанда вирустан 140 мың 590 адам көз жұмды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 541 мыңнан асты. Вирус жұқтырғандар саны 67 миллион 405 мың, сауығып кеткендердің саны 46 миллион 594 мыңға жетті.

Үндістанда Ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 402 адамды қосқанда, өлім-жітім 140 мың 590-ға жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 677  мың болып тіркелді.

Газада осы таңға дейін Ковид-19 эпидемиясынан 139 адам қайтыс болды. Елде вирус жұқтырғандар саны да 25 мың121-ге  жетті.

Туниста  Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 3 мың 561-ге ұласты.

Қытайда эпидемия салдарынан көз жұмған адам саны саны 4 мың 634 ретінде тіркелді. Елде вирус жұқтырғандар саны  86 мың 634-ке жетті. Елде соңғы 24 сағатта эпидемия ешбір адам  қайтыс болмады. 

Оңтүстік Кореяда Ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 4 адамды қосқанда, өлім-жітім 549-ға жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 38  мың 161 болып тіркелді.

Индонезияда осы таңға дейін Ковид-19 эпидемиясынан 17 мың 740 адам қайтыс болды. 

Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 53 мың 961-ге көтерілді. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 276 мың 574 болды. Құрлықта Ковид-19 эпидемиясы салдарынан ең көп Оңтүстік Африкада қайтыс болды. Оңтүстік Африкада вирустан көз жұмған адам саны 22 мың 206-ға көтерілді. 

Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 6 мың 771, Мароккода болса 6 мың 245 адам қайтыс болды.

 



Ұқсас жаңалықтар