Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 427 мыңнан асты.

1534625
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 427 мыңнан, расталған оқиға саны 60 миллион 744 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 42 миллион 50 мың болды.

Қайтыс болғандар саны 268 мың 262-ден асқан АҚШ-та Ковид-19 жұқтырғандар саны 13 миллион 139 мың болып тіркелді. 

Ұлыбританияда ковид-19 салдарынан өлім-жітім 66 мың 533 болды. Вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 557 мыңға жетті.

Италияда эпидемиядан қайтыс болғандар саны 52 мың 28-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 480 мың болды.

Францияда эпидемия салдарынан көз жұмғандар саны 50 мың 618-ге жетті. Инфекция жұқтырғандар саны 2 миллион 170 мыңнан асты.

Германияда ковид-19 инфекциясынан өлім-жітім 15 мың 381 болды. Елде вирус жұқтырғандар саны болса 983 мың 731-ге өсті.

Ковид-19 салдарынан басқа елдердегі көрсеткіштер төмендегідей:

Бразилия 170 мың 799, Мексикада 103 мың 597, Испанияда 44 мың 37, Аргентина 37 мың 714, Перу 35 мың 727, Колумбия 35 мың 860, Бельгия 15 мың 938, Чили 15 мың 138, Польша 14 мың 988, Эквадор 13 мың 288, Канада 11 мың 710, Украинада 11 мың 492 және Румыния 10 мың 541.



Ұқсас жаңалықтар