Эрбиль әкімі коронавирустан қайтыс болды

Әлем көлемінде вирус жұқтырғандар саны артып отыр.

1529740
Эрбиль әкімі коронавирустан қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны бір миллион 343 мың 600-ден асты.  Вирус жұқтырған адам саны 55 миллион 956 мыңға, сауығып кеткендер саны 38 миллион 971 мыңға жетті.

Иракта Эрбиль әкімі Ферсет Софи коронавирус салдарынан қайтыс болды.

Африка құрлығында коронавирус көп кездескен ел Оңтүстік Африка Республикасында 35 мың 490 мың медициналық қызметкерлер вирус жұқтырып алды. 338 медқызметкер қайтыс болды.  Елде 20 мың 314 адам қайтыс болып,  752 мың 209 адам вирус жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар