Ресей Суданда әскери база салады

Путин жарлыққа қол қойды.

1529233
Ресей Суданда әскери база салады

Ресей президенті Владимир Путин Суданда орыс флоттық базасының құрылуына бұйрық берді.

Путиннің жарлығына қарағанда,  Ресей Қорғаныс министрлігінің Судандағы Порт Судан қаласында орыс базасын салу ұсынысы қабылданды. Осыған орай базаның құрылысы үшін қажетті жерді Судан үкіметі тегін береді.

Ресей Судандағы әуежайлары мен порттар арқылы базаға керек барлық қару,  оқ-дәрі және жабдықтарын тасу құқығына ие.

Салынуы жоспарланған базаға үш жүз қызметкер мен төрт кеме орналаса алады.



Ұқсас жаңалықтар