Шығыс елдерде коронавирус көрсеткіштері

Ковид-19 салдарынан әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 86 мыңнан асты.

1507867
Шығыс елдерде коронавирус көрсеткіштері

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 86 мыңнан, расталған оқиға саны 38 миллион 100 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 28 миллион 637 мыңға жетті.

Иранда Ковид-19 себепті қайтыс болғандар саны соңғы 1 күнде 254 артып, 29 мың 70 болды. Елде бірдей уақытта 4 мың 108 жаңа оқиға тіркеліп, инфекция жұққандар саны да 508 мың 389-ға көтерілді.

Эпидемия салдарынан Ресейде 22 мың 966 адам көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 326 мыңға жетті.

Қырғызстанда жаңа тип коронавирус салдарынан мың 90 адам қайтыс болды. Елдегі оқиға саны болса 49 мың 528-ден асты.

Әзербайжанда 609 адам ковид-19 салдарынан қайтыс болды. Расталған оқиға саны 42 мың 104 болып тіркелді.

Өзбекістанда өлім-жітім жалпы 509-ға жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 61 мың 319-дан асты.

93 адам инфекция салдарынан қайтыс болған Грузияда қазірге дейін 12 мың 313 адамда вирус анықталды.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте ковид-19 эпидемиясынан көз жұмған 706 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны жалпы 109 мың 894-ке жетті. Елдегі расталған оқиға санына соңғы 24 сағатта 55 мың 342 адам қосылып, вирус жұқтырғандар саны 7 миллион 175 мыңнан асты.

Африка құрлығында эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 194 артып, 38 мың 326-ға жетті. Құрлық бойынша вирус жұқтырғандар саны соңғы 1 тәулікте 5 мың 961-ге көбейіп, 1 миллион 593 болды. Қазірге дейін ковид-19 себепті ең көп өлім-жітім тіркелген елдер арасында Оңтүстік Африка Республикасында 17 мың 863, Мысырда 6 мың 648, Мароккода 2 мың 636 адам тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар