100 миллион доза үшін келісті

Индонезия айдың аяғына дейін шамамен 250 миллион доллар ақша төлейді.

1507541
100 миллион доза үшін келісті

Индонезия AstraZeneca фармацептикалық компаниясы жетілдіретін коронавирус вакцинасын алу үшін келісті.

Экономикалық істер координация министрі Аирланга Хартарто хабарлама жариялап, елде коронавируспен күрес шеңберінде аталмыш компаниямен 100 миллион доза вакцина сатып алу үшін келісім жасағандарын білдірді.

Хартарто келісім шеңберінде AstraZeneca мен Оксфорд Университеті бірігіп жасайтын вакцина үшін айдың аяғына дейін шамамен 250 миллион доллар ақша төленетінін айтты.

Бұдан бұрын Қытайдың Sinovoc Biotech компаниясымен жылдың аяғына дейін 30 миллион доза үшін ынтымақтастық жасаған Индонезияның басқа бір Қытайлық компания Sinopharm-мен вакцина жөнінде келіссөз жүргізіп жатқаны білдірілді.

Индонезия үкіметі 2021 жылдың аяғына дейін елде 180 миллионға жуық адамға екпе егілуін мақсат етіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар