Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Әлем көлемінде эпидемия салдарынан өлім-жітім 1 миллион 65 мыңнан асты.

1505829
Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 1 миллион 65 мыңнан, расталған оқиға саны 36 миллион 691 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 27 миллион 577 мың болды.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте ковид-19 эпидемиясынан көз жұмған 964 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны жалпы 106 мың 490-ға жетті. Елдегі расталған оқиға санына соңғы 24 сағатта 70 мың 496 адам қосылып, жалпы 6 миллион 906 мың 151-ден асты.

Африка құрлығында эпидемия себепті қайтыс болғандар саны 37 мың 452-ге жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 556 мың 17 болды.

Құрлықта Ковид-19 салдарынан 17 мың 408 адаммен ең көп өлім-жітім Оңтүстік Африка Республикасында тіркелсе, Мысырда 6 мың 17, Мароккода 2 мың 468 адам эпидемиядан қайтыс болды.

Маврикийде ковид-19 оқиғасы тіркелмеді және Сейшеллер мен Эритрея да эпидемия байқалмағаны білдірілді.

Оңтүстік Африкада оқиға саны 686 мың 981-ге, Мароккода 142 мың 953-ке және Мысырда 104 мың 156 оқиға тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар