Тунисте F-5 әскери ұшағы құлады

Тунистің оңтүстігіндегі Татавин аймағында F-5 әскери ұшағы құлады, ұшқыш қаза тапты.

1504604
Тунисте F-5 әскери ұшағы құлады

Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Тунис әуе күштеріне тиесілі F-5 әскери ұшағы Татавин уәлаятындағы шөлге құлады.

Елдің оңтүстігіндегі Татавин уәлаятына қарасты Ремада аймағы маңында барлау қызметі кезінде құлаған әскери ұшақтың ұшқышының қаза тапқаны және оқиғаны тергеу үшін бір әскери техникалық комитеттің тағайындалғаны білдірілді.

Ұшақтың құлау себебі туралы егжей-тегжейлі мағлұмат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар