Трамп госпитальден шықты

Ол вирустан қорықпау керектігін айтты.

1503463
Трамп госпитальден шықты

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп коронавирустан өзі емделіп жатқан әскери госпитальден шықты. 2 қазан күнінен бері госпитальде жатқан Трамп бүгін  шықты.

Ол госпитальден шығарда журналистерге «Барлығы ойдағыдай» деген мағынада бас бармағын көрсетті.

Артынан ол тікұшақпен Ақ Үйге аттанып кетті.

Осы арада Трамп видео үндеу жариялап: «Вирустың сізді жеңуіне рұқсат бермеңіздер, одан қорықпаңыздар» деді. Ақ Үйге жеткеннен кейін твит жариялап, «Коронавирус туралы көп нәрсе білдім. Нақты бір нәрсе бар: Вирустың сізді жеңуіне жол бермеңіз, одан қорықпаңыздар.  Вирустың жеңесіздер» деді.

Дональд Трамп ісінің басына келгенін,  лидерлік етуі керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар