ЕО комиссиясы төрайымы өзін оқшаулады

Ол коронавирус тесті позитив шыққан бір кісімен жиналысқа қатысқанын білдірді.

1502945
ЕО комиссиясы төрайымы өзін оқшаулады

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен коронавирус тесті позитив шыққан бір кісімен жиналысқа қатысқандықтан өзін оқшаулады.

Фон дер Ляйен әлеуметтік желіде жазба жариялап,  кеше коронавирус тесті позитив шыққан бір кісімен өткен апта бір жиналысқа қатысқанын білдірді.  «Қазіргі қағидаларға сай өзімді ертең таңертеңге дейін оқшаулаймын» деген Ляйен бейсенбі күні тест жасатқанын,  нәтижесінің негатив шыққанын білдірді.

Ол бүгін тағы тест жасатып, нәтижесін күтіп отырғанын айтты.

Ляйен коронавирус тесті позитив шыққан кісінің кім екенін айтпады. Ол өтке апта бейсенбі және жұма күндері Брюссельде ЕО Лидерлер саммитіне қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар