Судандағы селде 103 адам қаза тапты

Судан Қорғаныс және Қауіпсіздік кеңесі сел апаты себепті 3 ай төтенше жағдай жариялады.

1487890
Судандағы селде 103 адам қаза тапты

Суданда болған сел апатында қаза тапқандар саны 103 адамға көбейді.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде бірнеше айдан бері жалғасқан нөсерлі жаңбырлар себеп болған сел апаты мен топырақ көшкінінде тағы бір адам қаза тапқаны білдірілді.

Осылайша қаза тапқан адам саны 103 кісіге жетті.

Сел себепті 50 кісі жараланды. 69 мың 551 үй құлады.

Министрлік 18 уәлаяттың 16-сында әсерлі болған нөсерлі жаңбырлар себепті 4 мың гектардан астам егістік алаңның зақымдалғанын, 5 мыңнан астам малдың қырылғанын жариялады.

Суданның БҰҰндағы тұрақты өкілдігі халықаралық ұйымдарға сел апаты ауыр зиян салған елге жәрдем етулері үшін шұғыл шақыру тастады.

Су байлықтары министрлігі Ніл өзені су деңгейінің ерекше жоғарлағанын және 18 метрге жеткенін хабарлады.

Судан Қорғаныс және Қауіпсіздік кеңесі сел апаты себепті 3 ай төтенше жағдай жариялады.



Ұқсас жаңалықтар