Израиль мен БАӘ келісіміне 22 қыркүйек күні Вашингтонда қол қойылмақ

Біріккен араб Әмірліктері Мысыр мен Йорданияның артынан Израильмен келісім жасайтын 3-ші ел болмақ.

1486406
Израиль мен БАӘ келісіміне 22 қыркүйек күні Вашингтонда қол қойылмақ

Израиль-Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) арасында қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісіміне Вашингтонда 22 қыркүйек күні өткізілетін рәсіммен қол қойылмақ.

Израильдің Мемлекеттік телеканал «Канал-12» жариялаған жаңалыққа қарағанда, 22 қыркүйек күні Ақ Үйде өткізілуі жоспарланған қол қою рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху және Абу Даби ханзадасы Мұхаммед ибн Зайид Ал-Нахян қатысады.

Қол қою рәсімі алдында 1993 жылы Израиль мен Палестина әкімшілігі арасында жасалған Осло келісімінің жылдығы болған 13 қыркүйек күніне жоспарланған еді, бірақ кейін күнінің өзгертілгені атап көрсетілді.

«Израиль-БАӘ келісіміне қол қою рәсімі» күні туралы екі ел және АҚШ-тан әлі ресми бір мәлімдеме жарияланған жоқ.

Израиль баспасөзі алдында аталмыш келісімге бұл айдың ортасында қол қойылатыны жөнінде хабарларға орын берген болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп болса 13 тамыз күні Израиль мен БАӘ-нің «ынтымақтастықты толығымен қалпына келтіру» үшін келіскендерін жариялаған болатын.

БАӘ 1979 жылы Мысырдың, 1994 жылы Йорданияның артынан Израильмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру келісімі жасайтын 3-ші ел болмақ.



Ұқсас жаңалықтар