Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 873 мың 805-ден асты.

1484433
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 873 мың 805-ден асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 26 миллион 502 мыңға, сауығып кеткендердің саны болса 18 миллион 684 мыңға жетті.

191 мың 60 өлім-жітіммен эпидемияның орталығы болған АҚШ-та вирус жұқтырғандардың саны 6 миллион 335 мың 244 болып тіркелді. Президент Дональд Трамп Ковид-19 эпидемиясына қарсы 3 вакцина үміткерінің соңғы клиникалық сатыда екенін атап, «вакцина бәлкім қазан айының соңынан бұрын таратылады. Мұны сайлау жақындағаны үшін емес, адамдарды құтқару үшін жасаймыз» деді.

Бразилияда вирус салдарынан соңғы бір тәулікте 834 адамды қосқанда, қайтыс болғандардың жалпы саны 124 мың 729-ға жетті. 43 мың 773 адам вирус жұқтырып, науқастанған адам саны да 4 миллион 46 мың 150-ден асты.

Мексикада соңғы бір күнде ковид себебімен қайтыс болғандар саны 513 артып,  66 мың 329, инфекция жұқтырған адам саны да 5 мың 937 артып,  616 мың 894 болды.

41 мың 527 адам қайтыс болған эпидемияның Еуропадағы ошағы Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта мың 735 жаңа оқиға тіркелді. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 340 мың 411 болды.

Италияда соңғы 24 сағатта коронавирус салдарынан алты адам қайтыс болды.  Осылайша ковидтен өлім-жітім 35 мың 507-ге жетті. 1397 жаңа науқас тіркеліп, коронавирус жұқтырғандар саны 272 мың 912 болды. Басқа жағынан үкімет анықталған шаралармен мектептердің 14 қыркүйекке дейін ашылатынын алға тартқанда, мұғалімдер, студенттер және кейбір кәсіподақтар мектептер жайлы шаралардың кешіктірілуі мен белгісіздік үшін 26 қыркүйек күні митинг жасауға шешім қабылдады.

Францияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта тағы 20 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны осылайша 30 мың 706 болды. Вирус жұқтыру оқиғасы 7 мың 157-ге көюбейіп, жалпы 300 мың 181-ге жетті. Елде эпидемия жұқтырғандар саны осылайша 4,4 пайызға көбейді.

Испанияда ковид-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте көз жұмған 191 адамды қосқанда, қайтыс болғандардың жалпы саны 29 мың 234-ке өсті. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта 8 мың 959 жаңа оқиғаны қосқанда, вирусты жұқтырғандар санының 488 мың 513-ке жеткенін жариялады.

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі ковид-19 себепті соңғы 24 сағатта 2 адамның көз жұмғанын және 418 жаңа оқиға тіркелгенін мәлімдеді. Елде қайтыс болғандар саны мың 829-ға көбейіп, расталған оқиға саны да 59 мың 51 болды.

Австралияда эпидемия салдарынан 1 тәулікте көз жұмған 59 адаммен 1 күндік ең көп өлім тіркелді. Осылайшка өлім-жітім 737-ге көбейді. Оқиға санының болса 87-ге азайғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар