БАӘ мен Израиль келісім жасады

Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында алғашқы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

1482896
БАӘ мен Израиль келісім жасады

Қарым-қатынастарды қалыпта енгізу шешімін қабылдаған Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында алғашқы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Израиль премьер-министрлік баспасөз кеңсесінің хабарламасында БАӘ Орталық банкі мен Израиль Қаржы министрлігі арасында қол қойылған келісім шеңберінде екі ел арасында банк секторы және қаржы саласында ынтымақтастық жүргізілуіне шешім берілгені айтылды.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху БАӘ-мен қарым-қатынастардың жақсартылуы шешімінен кейін жасалған алғашқы келісімнің екі ел арасында өзара инвестиция және ынтымақтастықтың арттырылуына көмектесетінін тілге тиек етті. «Өте жақында авиация, туризм, сауда секілді көптеген салада жаңа келісімдерге қол қоямыз» деді ол.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп 13 тамыз күні Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері қатынастарын толығымен қалыпқа енгізу үшін келіскендерін хабарлаған еді.

Біріккен Араб Әмірліктері 1979 жылы Мысыр, 1994 жылы Иорданиядан кейін Израильмен қатынастарды жақсарту келісімін жасаған үшінші араб елі болды.



Ұқсас жаңалықтар