Нетенздегі ядролық база жарылысы қастандық екен

Иранның Нетенз қаласындағы ядролық базада болған жарылыстың қастандық екені жарияланды.

1477770
Нетенздегі ядролық база жарылысы қастандық екен

Иран Атом энергиясы ұйымының мәлімдемешісі Бехруз Кемалвенди өткен ай Исфаханның Нетенз қаласындағы ядролық базада болған жарылыстың себебі қасқандық екенін айтты.

Аль-Алам телеарнасына сұхбат берген Кемалвенди:

"Қауіпсіздік күштеріміз Нетенздегі жарылыстың қастандық себепті болғанын мөлшерлеуде" деді. 

Кемалвенди жарылыстың толық жағдайын алдағы күндерде қауіпсіздік күштері жариялайтынын білдіріді.

Иранның уранды байыту іс-шаралары тұрғысынан маңызды рол атқаратын Нетенз Шейіт Ахмеди Рушен ядролық орталығында 2 шілдеде өрт шыққаны және жарылыс болғаны жарияланған.

Оқиғаның Израильдің қастандығы екені жөніндегі хабарлар халықаралық баспасөзге шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар