Конгода эбола індеті қайта өршіді

Конгоның Экуатеур уәлаятында қайтадан жарыққа шыққан эбола індетінен 43 адам қаза тапты.

1478027
Конгода эбола індеті қайта өршіді

Конго Демократиялық Республикасында эбола індеті қайта өршіді.

Конго Демократиялық Республикасының Экуатеур уәлаятында қайтадан жарыққа шыққан 11-ші толқын эбола індетінде көз жұмған адам саны 43-ке ұласты.

Эбола індетімен күресу тобынан жасалған мәлімдемеде  Экуатеир уәлаятында тағы 19 адамда эбола ауруының анықталғаны білдірілді. 

Оқиға санының 100-ге, қайтыс болған санының да 5 көбейіп 43-ке көтерілгені баяндалған мәлімдемеде індетте осы таңға дейін 25 адамның жазылғаны атап өтілді. 

Конго Демократиялық Республикасының шығысында 2018 жылы жарыққа шыққан 10-шы толқын эбола індетінің 25 маусымда аяқталғаны жарияланған еді. 

Конго Демократиялық Республикасының Солтүстік Киву, Ытури және Оңтүстік Киву уәлаяттарында белгілі болған 10-шы толқын індетінде 2 мың 277 адам көз жұмған және 3 мың 470 оқиға байқалған еді.

Эбола вирусы алғаш рет 1976 жылы Суданда және Конго Демократиялық Республикасының Ямбуку қаласында бірдей уақытта пайда болған. 

Эбола вирусы 2013 жылы желтоқсан айында Батыс Африкада таралды. Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 2014-2017 жылдарында байқалған індетте 11 мыңнан астам адам қайтыс болған және 30 мың адамға вирус жұққан.

Мамандардың зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетейік, Конго Демократиялық Республикасы эболадан бөлек коронавирус инфекциясымен күресіп жатыр.
 



Ұқсас жаңалықтар