Израиль соғыс ұшақтары Газаны үшінші рет бомбалады

Израиль соғыс ұшақтары Газаның оңтүстігінде Хамасқа тиесілі  туннельді күйретті.

1476661
Израиль соғыс ұшақтары Газаны үшінші рет бомбалады

Израиль соғыс ұшақтары кеше кештен қазірге дейін Газаны үшінше бомбалады. 

Израиль армиясы мәлімдемешісі Авичай Адрае твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Израиль соғыс ұшақтарының Газаның оңтүстігінде Хамасқа тиесілі  туннельді күйреткенін білдірді. 

Адрае аталмыш шабуылдың Газадан атылған  7 зымыранға тойтарыс ретінде жасалғанын және бұлардың алтауының қорғаныс жүйесі тарапынан жойылғанын атап өтті.

Израиль баспасөзінде бұдан бұрын орын алған мәлімдемелерде болса Газадан атылған бір зымыранның Сдерот қалысындағы бір үйге түскенін жарияланған еді. 

Израиль осы шабуылымен бірге кеше кештен қазірге дейін Газаны үшінші рет бомбалады. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар