Шығыс елдерінде коронавирус

Үндістанда соңғы бір тәулікте 941 адам қайтыс болды.

1474108
Шығыс елдерінде коронавирус

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны  773 мың 122-ге жетті.  Оқиға саны 21 миллион 829 мыңнан,  сауығып кеткендер саны 14 миллион 565 мың 255-тен асты.

Коронавирус эпидемиясынан ең көп зиян шеккен үшінші ел Үндістанда соңғы бір тәулікте 941 адам қайтыс болды. Осылайша жалпы өлім-жітім 51 мың 59ға жетті. Вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 648 мың 353-ке жетті.

Африка құрлығында эпидемиядан қайтыс болғандар саны соңғы бір тәулікте 295 артты.  Барлығы 25 мың 678-ге жетті. Вирус жұққан адам саны 9 мың 999 артты, барлық саны 1 миллион 123 мың 142-ге жетті.

Бүгінге дейін коронавирустан ең көп өлім-жітім 11 мың 839 адаммен Оңтүстік Африкада, 5 мың 160 адаммен Мысыр және 1 370 адаммен Алжирде тіркелді.

Шығыс Африка елдерінің бірі Кенияда қазірге дейін ковидтен қайтыс болғандардың саны 474-ке, вирус жұққан адам саны 30 мың 120-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар