Трамп сайлау жайлы мәлімдеме жасады

Трамп"Сайлауды Байден жеңіп алатын болса, онда америкалықтар қытай тілін үйренуге мәжбүр болады" деді.

1471334
Трамп сайлау жайлы мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп 3 қарашада өткізілетін сайлауды егер демократтардың үміткері Джо Байден жеңіп алатын болса, онда халықтың қытай тілін үйренуге мәжбүр болуы мүмкіндігін айтты. 

Дональд Трамп бір жеке теледидар каналында демократтардың үміткері Байденнің Қытай тақырыбындағы тұғырын сынға тартып, "Сайлауды мен жеңе алмасам, Қытай АҚШ-тың иесі болады. Одан кейін америкалықтар қытай тілін үйренуге мәжбүр болады" деген сөздер қолданды.

Жаңа коронавирус індеті пайда болудан бұрын Байденнің Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен жақын қарым-қатынаста болғанын білдірген Дональд Трамп "Біздің қарым-қатынастарымыз жақсы емес, өйткені жаңа коронавирус тақырыбында жасалуға тиісті жұмыстарды істемеді" деді. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар